Құрманғазы аудандық білім бөлімінің «Педагогикалық сынып» жобасының жоспарына сай Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен «Ұстаздықтың қыр –сыры» атты ZOOM платформасында шеберлік сыныбы өткізілді. Жобаға қамтылған Ш.Уалиханов, Ю.А.Гагарин, Балқұдық , Ломоносов мектептерінің педагогикалық сынып жобасының оқушылары мен жетекшілері қатысты.Жұмыс барысында мектеп-психологы Ботакөз Өмірбекқызы «Сіз ғажайып жансыз» атты тренинг ұйымдастырып, түрлі суреттер арқылы қатысушыларға салған суреттері арқылы мінездеме берді. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігі жайында мектебіміздің «Педагогикалық сынып» жобасының жетекшісі Тастемирова К.Е. «Жауапкершілігі жоғары мамандық», «Білім деңгейі», «Адам тәрбиелеу», «Жаңашылдықтың бастаушысы», «Мектептің жүрегі- қоғамның тірегі» бөлімдері бойынша презентация арқылы таныстырылым жасады.
Құрманғазы аудандық білім бөлімінің «Педагогикалық сынып» жобасының жоспарына сай Ф.Оңғарсынова…
