#ҚҰТТЫҚТАУ
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде тойланады.
Мақсаты ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
Әрқашанда еліміздегі ұлтаралық татулық, берік, ынтымақ пен бірлік мәңгі болсын!