«Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға
ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі» 2023жылдың 5 мамыр күнгі
№39-4-48/1879 санына сәйкес 2023 жылдың 23 мамыр күні аналар мен қыз балалардың біріккен жиналысы өтті.
Жиналыс үш кезеңде өткізілді. 5-6-7-сыныптар және 8-9-10-сыныптар қамтылды. Жиналыстың күн тәртібінде 1. "Аялы алақан"атты психологиялық тренинг .
2.«Ерте жастан жүктіліктің зардаптары және оның алдын алу» дәрігерлік кеңес
3.«Қыз тәрбиесіндегі ананың рөлі" тақырыбында аналармен пікірлесу
4.Демалыс кезіндегі қыз балалардың тәртібі, өмірқауіпсіздігі туралы мәселелер қаралды.
Жиналысқа ауылдық емхананың акушеркасы Камиева Гулмира қатысып, қыз балалар гигиенасы, тазалық мәселесі, дұрыс тамақтану жайында және ерте жүктіліктің зардаптары мен алдын алу бағытында дәрігерлік кеңес берді.Дәрігерге аналар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Аналар қыз тәрбиесі туралы өз пікірлерін білдірді. Жиналысқа қатысып отырған қыз балаларға аналық ақылдарын айтты.
Жиналыста мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Зинекеновна қыз балалардың тәртібі, тәрбиесі, білім алуы, киіну мәдениеті, қоғамдағы орны туралы жан-жақты ашып айтты.
#kurm_құқық-2023
#kurm_ата-ана-2023
#kurm_қыздар-2023
