"Қыздың ары-ұлттың ары" тақырыбында "Инабат" қыздар ұйымының жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі, қыздарға тән мінез-құлық, қыз бала мәдениеті, қыз баланың қоғамдағы орнын айрықша түсіндіріп, эстетикалық тәрбие беру. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологі, "Инабат" қыздар ұйымының жетекшісі 5 -11 сынып қыздары және сынып жетекшілер қатысты. Жиналыста түрлі сұрақтар қаралды. МДТЖО Д.Хасанова қыз баланың мәдениеті, ерте жүктілік,тәрбиесі, сөйлеу әдебі, мектеп формасы сынды тақырыптар қозғалып оқушылармен ашық диалог құрылды.
#біртұтас_тәрьие
#kurm_біртұтас_тәрбие
#atyrau_tarbie
