Мектебімізде "Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде қараған мәселелер:
1. Жаңа 2025-2026 оқу жылының басталуы.
2. Мектеп формасы. "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары
3.Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру
4." Құқық бұзушылықтың алдын алу, өмір қауіпсіздігі "
5."Мектепке жол" қайырымдылық акциясы
Жиналыста МДТЖО Д.Хасанова "Адал азамат " біртұтас тәрбие бағдарламасы жөнінде таныстырды, сонымен қатар мектеп формасы, соның ішінде сырт бейнесіне яғни макияж жасауға, жасанды кірпік салуға, тырнақ өсіруге, шашын ерекше түске бояуға, қымбат бұйымдар әкелуге, әртүрлі әшекейлер тағуға қатаң тыйым салынатындығы және де әр түрлі діни бағытқа жататын киім элементтерін киюге болмайтындығы жөнінде қатаң ескертілді. Мектеп директорыныңм.а Ж.Абдигалиева мектептің жай-күйі, өзгерістер туралы мәлімдеме берді. Ауылдық учаскелік полиция майоры Ол.Аруов балалардың өмір қауіпсіздігі, түнгі жүріс, жол қауіпсіздігі жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.
#Адал_азаматбіртұтас_тәрбие
#kurm_біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_Атырау