Skip to content

Мектебімізде «Ата – аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жоспарына сай, «Жан…

Мектебімізде «Ата – аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жоспарына сай, «Жан – жақты бала, шығармашыл отбасы» тақырыбында 9-11 сынып ата – аналарына дәріс сабақ өткізілді.
Мақсаты: Отбасылық ортада шығармашылықты дамыту. Жоғары сынып оқушылардың жетістігінде шығармашылық ойлаудың маңыздылығын көрсету. Дәріс сабағы «Мен балама нені үйретіп жүрмін?» атты тренингпен басталып, «Мен кіммін?» ойыны шығармашылықты шыңдап, қабылдау үшін сезім мүшелері сипаттап айтылды. Сонымен қатар логикалық тапсырмалар мен сұрақтар қойылып, жоғары деңгейде жауап берілді. «Бала ата – ананың айнасы» атты бейнеролик көрсетіліп, шынайы эмоцияларымен бөлісіп, рефлексия берілді. Ата аналар жауапкершілікпен қатысып, белсенді түрде өз ойларын ортаға салып, талқыланды.
Ата – аналар өздеріне қажетті ақпарат алып, білім беру мақсаттарына табысты қол жеткізу үшін жасөспірімнің шығармашылық дамуына белсенді ықпал ету, баланың болашақта өз орнын табуына басты назарға алынуы ұсынылды. Өткізгендер: Дюсалиева А., Саматқызы А.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *