Skip to content

Мектеп кітапханашысы Г.Бисембаеваның жылдық жоспарына орай «Мақал – сөздің азығы,…

Мектеп кітапханашысы Г.Бисембаеваның жылдық жоспарына орай «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» тақырыбында мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары арасында сайыс өтті.
Мақсаты: Оқушылар “сөз мәйегі – мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорын молайту. Оқушылардың ой — өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру,қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қатысушы топтар нақыл сөздерге байланысты түрлі тапсырмалар орындады. Мәселен, тірек сөздер арқылы және берілген оқиғалардың мәніне байланысты мақалды анықтап, нақыл сөздің жалғасын тауып, сирек қолданыстағы мақал-мәтелдің мағынасын ашты.
#біртұтас_тәрбие
#kurm_tarbyie
#atyrau_tarbyie

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *