Skip to content

🎭 «Мектеп театры» шабыт жобасы 🎭 2025 жылдың 7 қараша…

🎭 «Мектеп театры» шабыт жобасы 🎭

2025 жылдың 7 қараша күні мектебімізде 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Мектеп театры» шабыт жобасы аясында әсерлі көріністер өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында әділдік, жауапкершілік, елін сүю, зиянды заттардан аулақ болу сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және өмірлік ұстанымдарын нығайту болды.

Сахна төрінде оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге тәрбиелік мәні зор ой салды.
Жоба жас ұрпақтың рухани дамуына, өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.

Барлық қатысушылар мен жетекшілерге шығармашылық табыс тілейміз!
#шабытжобасы
#мектептеатры

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *