Оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру мақсатында
Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 1 курс курсанты Дюсенбай Дінмұхамед Нұрбекұлымен кездесу өткізілді. Кездесу кешін мектебіміздің "Мұрагер" ұлдар ұйымы жетекшісі Е.Сулейменов ұйымдастырды. Бұл кездесуден оқушыларымыз өздеріне қажетті ақпараттарды алды.
