Өнегелі еңбегімен, тындырымды ісімен және қарапайым да парасатты мінезімен үлкен абырой – беделге ие болған, мектебіміздің өркендеп өсуіне, ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлесін қосып, сан ғұмырын қасиетті де қадірлі ұстаздық мамандыққа арнап, әріптестеріне білімі мен мол тәжірибесін үйретуден жалықпаған Злиха Қадырбайқызын "Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы" атағымен мектеп ұжымы атынан құттықтайды.
Сізді іскер басшы, шебер ұйымдастырушы ретінде танып, құрметтей отырып, отбасыңызға амандық, мықты денсаулық тілейміз. Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын.
