«Отбасы-тәрбие басы,мектеп -тәрбие жаршысы» аудандық айлық аясында «Ұлттық тәрбие-сапалы білім берудің негізі »тақырыбымен Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы Кубаева Гульфара Өтемісқызының қатысуымен ата-аналар жиналысы 27 сәуір күні ұйымдастырылды. Жиналысқа Қамқоршылық кеңестің төрағасы Дюсалиев.Б ағамыз бастаған мүшелері және мектептің әрбір сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы мен төрайымдары, мүшелері толығымен қатысты.Жиналыста білім бөлімінің басшысы Гульфара Өтемісқызы білім сапасына әсер ететін негізгі факторларға тоқталып, отбасы тәрбиесінің баланың өсіп өнуіне толық ықпал жасайтын негізгі орта екендігіне тоқталып өтті. Сонымен қатар жазғы мектеп, қорытынды аттестаттау жөнінде түсінік берді. Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, жеке қабылдауға кез келген уақытта дайын екенін жеткізді.
