"Өз құқығыңды біліп жүр" тақырыбында Бөкейхан ауылдық учаскелік полиция инспекторы С.Даутовпен, мектеп инспекторы А.Нигметовпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықты болдырмау, зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңсыз көлік жүргізбеуі, суицидке бой алдырмау, зиянды заттардан аулақ болу туралы түсінік беріп, аудан көлемінде жасөспірімдер арасында болып жатқан келеңсіз жайттарға тоқталып, хабардар етті.
#біртұтас_тәрбие
#kurm_біртұтас_тәрбие
#kurm_құқық-2023
