Skip to content

Педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижеге жетуге ұмтылысы мен бәсекеге қабілеттілігін…

Педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижеге жетуге ұмтылысы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, нәтижеге жетуіне бағыт-бағдар беру мақсатында Ф. Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сай қаңтар айынан бастап пән бірлестіктерінің жобалық жұмыстары басталды. “Біз буллингке қарсымыз” жобасын тарих және құқық пән бірлестігі, “English speakers” жобасын ағылшын тілі пән бірлестігі, “Салауатты өмір- нұрлы болашақ” жобасын дене шынықтыру және АӘД пән бірлестігі, “Мейірімді жүрекпен” жобасын мектеп психологы және әлеуметтік педагогпен бірге бастауыш пән бірлестігі, “Әжемнің ертегілері” жобасын мектепалды даярлық тобы мен шағын орталық бірлестіктері жүзеге асырады. Жобаның ашылуын жоғары деңгейде ұйымдастырған пән бірлестіктеріне рақмет! Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *