"Профи Тайм" мамандықтар әлемі атты пікір алмасу сабағын 11сынып жетекшісі А.Дуйсенова сынып оқушыларымен, ата-аналарымен біріккен түрде ұйымдастырды. Мақсаты:
Оқушыларға алдыңғы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру.
Оқушылар сұхбаттасу барысында өздеріне ұнайтын мамандықтары туралы сөз қозғады. Әр оқушы таңдап отырған мамандықтары туралы мәліметтер айтып шықты. Ата-аналар да балаларының пікірін қолдап, ойларымен бөлісті.
#біртұтас_тәрбие
#kurm_біртұтас_тәрбие
