«Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!»
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және сайт қонақтары!
Сіздерге Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің психологиялық қызметі өз мүмкіндіктерін ұсынады!
Психологиялық қызмет жұмысының негізгі мақсаттары:
Әрбір оқушының жеке тұлғалық дамуы үшін жағымды психологиялық -педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету;Мектептің барлық білім беру үдерісіне қатысушыларға кешенді әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету. |
Жұмыс қорында көптеген төмендегідей жұмыс әдістері бар: тренингтер, семинарлар, әңгімелесулер, дәрістер, жеке жә не топтық психологиялық кеңес берулер.
Біздің сайтта сіздер психологқа сұрақтар қойып, білікті жауап ала аласыздар. Сұрақтарыңызды ongarsynova@mail.kz мекенжайы бойынша электронды поштаға жібере аласыздар.
Сіздердің барлық сұрақтарыңызға педагог-психолог Сатыбаева Ботагөз Өмірбекқызы жауап береді.

Сатыбаева Ботагөз Өмірбекқызы педагог-психолог |
Сенім телефоны
Әр аптаның бейсенбі күндері сағат 9:00-ден 10:00 аралығында «6-15-18» нөмірлі мектептің сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға анонимді түрде құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі.
Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және т.б.) анықталған жағдайларда «2-09-42» аудандық сенім телефонына хабарласуға болады.