Республика күні қарсаңында «Шелл Қазақстан» компаниясының «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының қолдауымен «EcoBatys» экологиялық жобасы аясында марапаттау шарасы өтіп,мектебімізге Алғыс хат және естелік сыйлық табыс етілді.
Жобаның негізгі мақсаты – экологиялық білім берудің интеграцияланған жүйесін қалыптастыру және оқушылардың қоршаған ортаны ластану мәселелерін шешуге белсенділіктерін арттыру, экологиялық білім беру, эковолонтерлікті дамыту.
Шараның екінші кезеңі «Қалдықтарға – екінші өмір» тақырыбындағы жоба қорғау жұмысымен жалғасын тапты. Оған мектебіміздің 7 сынып оқушысы Қайырбекова Дильназ қатысып, өз жұмысын ұсынып, Алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жетекшісі: Муфтахова Айнагул
#kurm_экоbatys
#ҚұрманғазыЭко
#ШеллКазахстан
