«Ризашылық мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында республикалық Ұлттық турнирдің аймақтық кезеңі №3 тобы Құрманғазы ауданы Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде 17 қаңтар күні өтті. Аймақтық турнирге 5 мектеп (Ғ.Мүсірепов, Шортанбай, Қадыр Мырза Әлі, Ф.Оңғарсынова, Мұқанов) қатысып, берілген 4 қарар бойынша жеребе таңдап ойын көрсетті.
1 – ойынды жеребе бойынша «Бұл палата ғалымдар экологиялық апаттардың салдарын асыра сілтеп көрсету керек деп есептейді» қарарында: Шортанбай жалпы орта мектебінің «Әділет» фракциясы мен С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінің «Сөз шебері» фракциялары ойын көрсетіп, «Әділет» фракциясы жартылай финалға өтті.
«Бұл палата мемлекет экономикасына әсер ететінміс шараларды өткізуді жалпы ұлттық референдум арқылы шешу керек деп есептейді» қарары бойынша Ф.Оңғарсынова жалпы орта мектебінің «Патриот» фракциясы мен Қадыр Мырза Әли атындағы орта жалпы мектебінің «Парасат» фракциясы ойын көрсетіп, «Парасат» фракциясы жартылай финалға өтті.
Сонымен қатар Ғ.Мүсірепов «Аргумент» фракциясы автоматты түрде жартылай финалға жолдама алды.
Екінші кездесуде Шортанбай жалпы орта мектебінің «Әділет» фракциясы мен Ғ.Мүсірепов «Аргумент» фракциялары «Бұл палата балаларда адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу тактикасы ретінде қорқыныш сезімін қолдануды қолдайды» қарарымен тартысқа түсіп, «Әділет» фракциясы финалға өтті.
Финалға өткен «Әділет» фракциясы мен «Парасат» фракциялары «Бұл палата жүктілік кезінде зиянды заттарды қабылдаған әйелдерді қылмыстық жауапкершілікке тартады» қарарымен тартысты ойын көрсетіп, төрешілердің шешімімен «Парасат» фракциясының мүшелері Кали Айсана, Әбілқайр Мадина турнирдің аудандық кезеңіне өтті. Аудандық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!
#kurm_дебат_2023
