"Сенім арту – жетістік кепілі" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына кезекті дәріс сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Ата-аналардың әртүрлі қиын жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
·• қандайда бір қиын жағдайларда ата-аналардың баласына дұрыс және жедел көмек көрсетуге деген ұмтылысын ынталандыру;
• қиын жағдайлардың түрлері және оларға тап болған балаларды қолдаудың тиімді тәсілдері туралы ата-аналардың түсініктерін кеңейту;
• қиын жағдайларды шешу кезінде ата-аналардың баланың күшті тұстарына сүйену дағдыларын дамыту
#Біртұтас_тәрбие
