«Студенттік өмір деген игі істердің бастауы» атты студенттермен кездесу кеші.
Мақсаты:Оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.
ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсантымен Ризабеков Нұрнияз Жомартұлымен кездесу өткізілді. Кездесу кешін мектебіміздің АӘД жетекшісі Н.Ертаев ұйымдастырды. Бұл кездесуден оқушыларымыз өздеріне қажетті ақпараттарды алса, курсант Нұрнияз білім ордасына, ұстаздарына өз құрметі мен тілектерін білдірді.
