«Тіл ғұмыры,ұлт ғұмыры» тақырыбында апталық өтті. Апталықтың жоспарына сай «Ертегілер елінде » тақырыбында Ж.Исмагулова 5 сынып оқушыларымен бірлесе «Шық бермес Шығайбай мен Алдар көсе», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерінен қойылым көрсетті. А.Ақмұханова 6-7 сыныптар арасында «Білім шыңы» ойынын, Қ.Мақсотова 9-11 сынып оқушыларымен «Толғауы тоқсан -қызыл тіл», Б.Жанибекова 5-7 сынып оқушыларымен танымдық-зияткерлік ойын өткізді. Оқушылар белсенді қатынасып, білімдерін ортаға сала білді. Апталық жұмысына белсене қатынасқан оқушылар мектеп жиынында марапатталды.
