ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
🔷️🔷️🔷️🔷️🔷️
Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2023-2024 оқу жылындағы оқу-тәрбие бағыты бойынша қорытындысы (Абдигалиева Ж, Хасанова Д)
2. Мектептің ішкі тәртіп ережелерін қамтамасыз ету қағидалары. Мектеп директоры Ш.С.Исатаева
3. «Оқу-тәрбие процесінде балалардың денсаулығын нығайту және сақтау – басты мәселе» тақырыбында баяндама. Мектеп медбикесі М.Қалекеева
4. Қаржылай және материалдық көмек көрсетудің орындалысы, тегін және жеңілдікпен берілетін ыстық тамақтың ұйымдастырылу жәйі, күнделікті тасымалдың орындалысы жөнінде хабарлама (Утебаева А)
5. «Мейірімге толы мектеп» жобасын таныстыру, келісімге келу (Хасанова Д)
6. Ұсыныс-пікірлер
Жыл қорытындысы бойынша білім сапасын, сыныптар бойынша озаттар санын, оқушылардың әлеуметтік жағдайын баяндап, сонымен қатар мектеп оқушыларының аудандық олимпиадалар мен қашықтық олимпиадалардан, тәрбие бағыты бойынша әртүрлі аудандық байқаулардан орын алған оқушылардың жетістіктеріне, мектепте өткізілген шараларға нақты толықтай тоқталып өтілді. Қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы алкоголдік өнім, темекі бұйымдары оның ішінде вейп, электронды темекі, жастар арасында орын алған мопед айдау және оның қауіпті тұстары бойынша да түсіндірмелер жүргізілді. Әр түрлі көшбасшы топтардан алыс жүру немесе көшбасшылық жасамау туралы да қатаң ескертілді.
Жиналыс барысында ата-аналар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, жауаптар алынды.
#біртұтас_тәрбие_атырау
#біртұтас_тәрбие_atyrau
#atyrau_tarbie
#kurm_біртұтас_тәрбие
#Kurmtarbie2024
#Отбасым_мақтанышым
#kurmtarbie_2024
