Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында мектебімізде 5 ақпан күні жас мамандар арасында "Жаңашыл ұстаз – 2021" байқауы өткізілді. Байқауда бес жас маман бақтарын сынады. Байқау 3 турдан тұрды. Әділ қазылардың әділ төрелігімен І орынды математика пәні мұғалімі Ж.Мұраталиев жеңіп алды . ІІ орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Дюсалиева мен бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Н.Ертаев иемденсе, ІІІ орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Энгельс пен орыс тілі пәні мұғалімі Аэлина Сериковна қанжығаларына байлады. Сайыс соңында әділ қазыларға сөз беріліп, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
