Skip to content

🔴“ЖАСӨСПІРІМ” ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ. 2025 жылдың қаңтар…

🔴“ЖАСӨСПІРІМ” ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ.
2025 жылдың қаңтар айының 20-сы күні жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу апталығына орай Құрманғазы АПБ-і ЖПҚб-ң ЮПТ-ң аға УПИ полиция майоры Э.Жонисова, Құрманғазы АПБ-ң КПБ-ң аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты А.Алиев 8-11 сынып оқушыларымен, жиналыс өткізіліп, ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар, жиналыста құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында оқушыларға түнгі сағат 23:00 ден таңғы 6-ға дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болмауы, алкоголь өнімдерін, темекі, синтетикалық есірткі бұйымдарын тұтынбау, шанышпалы-кесетін заттарды өздерімен алып жүрмеу, көлік басқармау сондай-ақ, жылу жүйелерінің қосылуына байланысты табиғи газ, электр жабдықтарын тұтыну бойынша және мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы жасөспірімдер арасындағы төбелес, қорқытып алушылық пен бопсалау, нашақорлықтың алдын-алу бағытында профилактикалық түсінік жұмыстары жүргізіліп, бейнеролик көрсетілді.
#біртұтас_тәрбие
#kurm_құқық_2025

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *